Бексултан Жакиевдин каза тапканына байланыштуу Жамбыл театры көңүл айтты

Электрондық жеделхат

КӨҢІЛ АЙТУ

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы  белгілі  драматург, кинодраматург, Кыргыз ССР-инин искусствого эмгек сиңирген ишмери (1974), Кыргыз эл жазуучусу (1993), Кыргыз ССР-инин Токтогул атындагы мамлекеттик сыйлыгынын (1989), Казакстан Республикасының  Төлөгөн Айбергенов атындагы эл аралык сыйлыгынын (1994), Жамбыл Жабаев атындагы эл аралык сыйлыгынын (1996) лауреаты, III даражадагы Манас, Даңк орденимен (1997), Казакстан Республикасынын (1999) медалдары менен сыйланган БЕКСУЛТАН ЖАКИЕВ ағамыздың  қайтыс болуына байланысты барша қырғыз халқына, театр өнері саласындағы  әріптестерімізге,  Кыргыз эл жазуучулар одағына, марқұмның отбасы мен бауырларына, туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.   

Жамбыл театрынын келген көңүл айтуу

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры тарапынан Бексултан Жакиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» («Жүрөлүчү жүрөк оорутпай») трагикомедиясын режиссер Қуандық Қасымовтың дайындауымен  осы жуырда ғана сахнаға шығарып, 15.04.2021 ж. премьерасын өткізген болатынбыз. Автордың осы, тағдыр тәлкегіне түскен қариялар тағдыры арқылы қазіргі замандағы адами құндылықтардың жоғалып  бара жатқандығын  ескертетін аталмыш шығармасы көрермендер тарапынан өте жылы қабылданып, жоғары бағаға ие болғанына аса қуанып, авторға жүрек түкпірімізден алғыс айтулы едік.

Марқұмның жатқан жері жарық, алды пейіш, арты кеніш болсын.

Белгілі драматург Бексултан Жакиев ағамыздың жарқын бейнесі біздің есімізде ұзақ сақталатын болады.  

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы